Аптап ыстықтан Испанияда бір айда 2,1 мың адам қайтыс болды

None
None
МАДРИД. ҚазАқпарат - Карлос III денсаулық институтының мәліметінше, Испанияда ауа температурасының шамадан тыс жоғарылауынан 2176 адам көз жұмды. Ресми мәліметке сәйкес, 2015 жылдан бері болған өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші тіркеліп отыр. ҚазАқпарат бұл туралы Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Испанияның отбасылық және жалпы тәжірибелік дәрігерлер қоғамының өкілі Лоренцо Арментерос адамдардың дені жылу стресінен қайтыс болып жатқанын айтады.

«Өлім-жітімнің көбіне жылу стресі себеп болған. Ол бірден бірнеше мүшеге кері әсерін тигізіп, көптеген мүшелер қызметінің істен шығуына және соның салдарынан өлімге әкелуі мүмкін», - деді Лоренцо Арментерос.

11-17 шілде аралығындағы аптада Испания жалпы Еуропада өлім көрсеткіші ең жоғары ел болды.

Зерттеушілер бұған себеп ретінде аптап ыстық, коронавирус індетінің салдары және марқұмдардың егде жасын атайды. Қайтыс болғандардың көпшілігі – 85 жастан асқандар.

Елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Испания биыл екі рет аптап ыстықты бастан өткерді, ондағы ауа температура бірнеше күн қатарынан Цельсий бойынша 40 градустан асқан.


Фото: ru.euronews.com
Соңғы жаңалықтар