+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

Аптап ыстық, бұршақ, тұман - Жұма күнгі ауа райы

2020 жылғы 29 мамыр 00:11
Бөлісіңіз:
Аптап ыстық, бұршақ, тұман - Жұма күнгі ауа райы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 29 мамырда бес облыс аумағында аптап ыстық болады. Кей өңірлерде жел күшейіп, бұршақ жауады, тұман түсуі ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Солтүстік Қазақстан облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды 9 шілдеде ел аумағының басым бөлігінде аптап ыстық болады Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай облыстарында қатты ыстық болатыны ескертілді

29 мамырда Қазақстанның басым бөлігі жоғары қысым аумағында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің солтүстігінде және солтүстік-батысында циклон ықпалынан кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл сақталады, оңтүстік-батыста – тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл соғады, бұршақ жауады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз желдің екпіні 25 м/с жетеді. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Жамбыл, Түркістан, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, түнде Алматы, күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағаңды облыстарының кей жерлерінде желдің күшейіп жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысында шаңды дауыл соғады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында қатты аптап ыстық болады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT