+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Аптап, найзағай, шаңды дауыл: 22 шілдеге арналған ауа райы

2021 жылғы 22 шілде 01:56
Бөлісіңіз:
Аптап, найзағай, шаңды дауыл: 22 шілдеге арналған ауа райы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 22 шілде күні Қазақстан аумағындағы ауа райында айтарлықтай өзгеріс болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Тамыз айында бірнеше өңірде 38 градусқа дейін ыстық болады - ҚР ТЖМ Қазақстанда алдағы үш тәулікте күн райы қандай болады Шілденің соңғы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Атмосфералық фронттарға байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды.

Оңтүстік-шығыстың және шығыстың кей жерлерінде бұршақ күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді.

Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғады. Солтүстікте және оңтүстік-батыста жауын-шашын жаумайды. Солтүстікте түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз бұршақ жауады.

Жамбыл облысында, күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел қарқыны - 15-20 м/с. Шаңды дауыл соғады. Жамбыл облысының таулы адандарында күндіз бұршақ жауады.

Алматы, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде дауыл тұрады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде аптап ыстық сақталады.

Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT