Апта сайын коронавирус жұқтырудың шамамен 2 млн оқиғасы тіркеледі - ДДҰ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әр апта сайын әлемде індет жұқтырудың шамамен 2 млн оқиғасы тіркелуде. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедро Гебрейесус брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтары сайтына сілтеме жасап.

ДДҰ мен бүкіл халықаралық қауымдастықтың инфекцияның таралуы мен адамдарды өмірін құтқаруға бағытталған күші туралы сөз еткен Тедрос қазіргі кезде елдердің шамамен бірнеше түрлі сценарийге тап болғанын мәлімдеді: кейбір елдер вируспен күрес жолына тез түсіп, өршуінен аман қалды; кей елдерде ауру кеңінен тарап, олар жағдайды бақылауға ала алмады, вируспен әлі күрес жүргізуде; вирусты бақылауға алған, алайда шектеулерді әлсіретуге байланысты індет жұқтыру оқиғаларының саны қайтадан өскен елдер бар; кейбір елдер әлі де инфекция таралуынаң қарқынды фазасында.

ДДҰ басшысы әлемнің барлық аймақтарында жағдайды өзгерту ешқашан кеш емес екенін қосып өтті. Ол үшін тиімді басшылықты жүзеге асырып, нақты әрі жан-жақты қамтылған стратегияларды ұстану, тұрғындармен үнемі байланыста болу қажет. Оның айтуынша, әрбір аймақта елдер вирустың таралуын басудың ұжымдық жоспарын жасап, экономикалық қызметін қалпына келтіре алған.

Осы дүйсенбіде ДДҰ антиген негізіндегі бірінші экспресс тесті тіркеп, оны төтенше жағдай кезінде пайдалану тізіміне қосуды кеңес етті. Осындай тестілердің 120 миллион данасын табысы төмен және орташа елдерге пайдалану үшін жеткізіп беруді қамтамасыз ету шешімі қабылданды.

Тедростің мәлімдеуінше, бүгін ДДҰ шұғыл жағдайда қолданылатын тестілер тізіміне енгізілетін екінші антигенді экспресс-тестін мақұлдады.

«Бұл тестілерді пайдалану оңай. Олардың бағасы төменірек, және олар бірнеше сағат немесе күннен соң емес, шамамен 15-30 минутта сенімді қорытынды шығарады», - деп толықтырды ол.


Соңғы жаңалықтар