Апта сайын 400 адам қызылша жұқтырып жатыр - бас санитар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде 1 сәуірден бастап қызылшаға қарсы екпе салу басталады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта қызылшаға қатысты ахуал бұрынғы деңгейде, апта сайын шамамен 400 оқиға тіркеліп отыр. 1 сәуірден еспе салуға кірісеміз. Ол үшін 20 наурызға дейін қызылшаға, паратит және қызамыққа қарсы үш валентті вакцина жеткізіледі. 478 мың доза аламыз. Оны ең бірінші кезекте балаларға саламыз. Себебі ағымдағы жылы өзгеше инфекция екпе салатын жасқа толмаған 12 айлық балаларға жұғып жатыр. Біз екпе салуды 9 айға жылжыттық. Бұл ғылыми негізделген», - деді ол.

Бас санитар дәрігердің айтуынша, екінші кезекте науқастармен тікелей жұмыс істейтін дәрігерлерге салынады.

«Ванцинаның негізгі бөлігі еспе салдыруды қалаған адамдарға салынады», - деді Бекшин.

Сонымен қатар, ол жазға қарай вакцинаның қосымша көлемі сатып алынатындығын атап өтті. Оның дерегінше, 2018 жылдың қарашасынан Қазақстанда қызылшамен аурудың 4 мыңнан астам дерегі тіркелген. Аурған балалардың 12 пайыз ата-аналары екпе салдырмай қойған. Екпе салынбаған балалардың 60 пайызы 12 айға толмаған сәбилер, 32 пайызы медициналық қарсы көрсетім болғаннан кейін алмаған.

Соңғы жаңалықтар