USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Апта ішінде елімізде 3 125 қылмыс жасалды - ІІМ

2021 жылғы 25 қазан 11:53
Бөлісіңіз:
Апта ішінде елімізде 3 125 қылмыс жасалды - ІІМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бір апта ішінде еліміздің аумағында 3 125 қылмыс жасалды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да 3 медицина қызметкері психотроптық заттарды сатып келген Қызылордада мемлекетке 150 млн астам теңгеге залал келтіргендер сотталды Тапаншамен, пышақпен шабуылдаған: Алматы облысында қылмыстық топ ұсталды

«Бір апта ішінде 3 125 қылмыс жасалды. Оның 2 102-сі тәулік ішінде ашылды», - деді Нұрділдә Ораз министрліктің баспасөз алаңында өткен дәстүрлі брифинг барысында.

Ресми өкілдің дерегінше, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 6 кісі өлтіруді, 1 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 31 тонау және 453 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашқан.

Сонымен қатар ол Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымы Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюроның директоры Маттео Мекаччимен кездескенін, кездесу Маттео Мекаччидің Нұр-сұлтан қаласына арнайы сапары аясында өткенін атап өтті.

«Кездесу барысында министр Мемлекет басшысының адам құқықтарын қамтамасыз ету, құқыққорғау қызметін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударатынын атап өтіп, осы саладағы халықаралық стандарттарды сақтау, жазаның орындалуын ізгілендіру және азаматтық бақылауды күшейту жөніндегі жұмыстар туралы айтты», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT