+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

Апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

2020 жылғы 24 мамыр 19:09
Бөлісіңіз:
Апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Осы аптада Қазақстанда бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды. ҚазАқпарат оқырман назарына 18-24 мамыр аралығында болған тағайындауларды ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды Марат Қарабаев  Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды Асхат Оралов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

Осы аптада Әлихан Смайылов Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

2019 жылдың ақпанынан осы уақытқа дейін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрі. Үйленген, екі баласы бар. «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен, «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл», «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» II дәрежелі медальдарымен марапатталған.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ерұлан Жамаубаев Қазақстан Республикасының Қаржы министрі болып тағайындалды.

«Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасының Қаржы министрі болып тағайындалсын», - делінген Жарлық мәтінінде. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды. Ерұлан Жамаубаев1974 жылы 25 наурызда Алматы облысында туған. Білімі жоғары, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, «Қаржы және кредит», 2009 жылы Қазақ экономикалық университетін бітірген, «Іскерлік әкімшілендіру магистрі».

Елордадағы Алматы ауданына Бектенбай Есполов әкім болып тағайындалды

ҚР Президентінің Әкімшілігі және елорда мәслихатының депутаттарының келісімі бойынша Бектенбай Тілектесұлы Есполов «Алматы» ауданының әкімі қызметіне тағайындалды. ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді. Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 10 жылдан асады. 37 жасар Бектенбай Есполов меритократия қағидатына сәйкес кеңсе сарапшысынан ҚР Президенті Протоколы бастығының орынбасарына дейінгі қызмет жолынан өткен тәжірибелі маман.

Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Әлішев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Бегімұлы Қалиев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметінен босатылды.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен және ҚР Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша Ғани Нығыметов облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

СҚО ішкі саясат басқармасының мәліметінше, Ғани Нығыметов 1983 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін халықаралық қатынастар, АҚШ-тағы Монтерей халықаралық зерттеулер институтын мемлекеттік басқару магистрі, сондай-ақ Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін іскерлік әкімшілік магистрі мамандықтары бойынша бітірген. Гарвард университетінің Кеннеди атындағы Басқару мектебінде, Сингапурдың Ұлттық университетінде басшылар үшін біліктілікті арттыру курсынан өтті.

«Болашақ» президент стипендиясының түлегі.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК директоры болып Асқар Жүнісбек тағайындалды.

Асқар Рақымбайұлы С.М.Киров атындағы Қазақ ұлттық университетін, механика және қолданбалы математика факультетін бітірді. Өзінің еңбек қызметін Алматы облысы Қоғалы орта мектебінің математика және информатика мұғалімі ретінде бастады. Әр жылдары ақпаратты қорғау мен киберқылмыстардың алдын алу бағыты бойынша басшылық лауазымдарда, 2013 жылдан бастап «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК директорының бірінші орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

Сонымен бірге Мәскеу қаласындағы Үкімет байланысы мен ақпараты жөніндегі федеральдық агенттікке қарасты Жаңа технологиялардың оқу-методиологиялық орталығының компьютерлік жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету дипломы бар. Асқар Жүнісбек қол жеткізген оң нәтижелері үшін бірнеше рет ведомстволық және үкімет наградаларымен, түрлі халықаралық грамоталармен және дипломдармен ынталандырылды, «Ерең еңбегі үшін» мемлекеттік медалін иеленді.

Бердібек Сапарбаевтың өкімімен Ұлан Жазылбек Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Ол еңбек жолын 1984 жылы Алматы үй құрылысы комбинатында шебер, прораб, аға прораб болып бастаған. 1992-2005 жылдары жеке секторда және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарда, 2005-2008 жылдары Алматы қаласы мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылау департаментінің бас маманы, сәулет-құрылыс бақылау бөлімінің бастығы, 2009-2011 жылдары «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ департаментінің директоры, «Қорғас – сервис» ЖШС құрылыс бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ, 2011-2013 жылдары Алматы қаласы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті басшысының орынбасары, 2013-2014 жылдары ҚР Өңірлік даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық комитеті төрағасының орынбасары, 2014 - 2017 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Экономика инфрақұрылымын дамыту департаментінің директоры, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласын дамыту департаментінің директоры лауазымдарында болған.

2017 жылдың қараша айынан бастап Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Мемлекет басшысының жарлығымен: - Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Данияр Сарекенов Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне;

Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы Аркен Арыстанов Қазақстан Республикасының Аустралия Одағындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына ҚР Президентi Әкімшілігінің келісімімен Нұрлан Таубаев тағайындалды.

Нұрлан Бақтыбайұлы 1976 жылы 26 мамырда Атырау қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, Атырау мемлекеттік мұнай және газ институтын тау-кен геология инженері, Қазақстандық экономика және құқық институтын заңгер, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін экономист-менеджер мамандықтары бойынша бітірген.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің келісімімен және Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне Жамал Жаманбаева тағайындалды.

Ол Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданында дүниеге келген. 1988 жылы емдеу ісі, дәрігер мамандығы бойынша Алматының Мемлекеттік медицина институтын тәмамдаған. Еңбек жолын Жаңаөзен қалалық ауруханасының перзентханасында акушер-гинекология жөнінен интерн-дәрігер болып бастаған.

Кейіннен Бейнеу орталық аудандық ауруханасының бас дәрігер орынбасары, Бейнеу орталық аудандық ауруханасында бөлім меңгерушісі, «Облыстық перзентхана» МКҚК дәрігер акушер-гинекологы, «Облыстық перинаталдық орталық» МКҚК дәрігер акушер-гинекологы, «Ақтау қалалық перзентханасы» МКҚК директоры, «Облыстық перинаталдық орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК директоры қызметтерін атқарған.

Естеріңізге сала кетейік, Жамал Жаманбаева бұған дейін Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарып келген болатын.

Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы тағайындалды. Қызылорда облысы әкімінің өкімімен бұл қызметке Медет Усаин келді.

Ол 1987 жылы дүниеге келген. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін - «Көлік, көлік техникасы және технологиясы», Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы ретінде бастаған. 2012-2013 жылдары – облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы, 2013-2016 жылдары облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары болды.

2016 жылдың желтоқсан айынан бастап осы кезге дейін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметін атқарды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT