Apple-мен жанжалдан кейін Google «Map Maker»-ге тыйым салды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Google компаниясы карталарды редакциялауға мүмкіндік беретін Map Maker қызметінің жұмысын тоқтатты. Бұған қызметті жүзеге асыратын робот - Android логотипіне байланысты туындаған жанжал себеп болды, деп жазады «ВВС» агенттігі.

Компания осындай жағдайларды шешуге шамасы келетін алгоритм әзірге ойлап табылмағанын айтты.

Бұған дейін Google карталарында Пәкістандағы Соан өзенінің ауданында роботтың (Android логотипі) тістелген алмаға (Apple компаниясының логотипі) әдепсіз қылып жасап отырғаны көрсетілген. Сурет «Кальвин и Хоббс» комикстеріндегі Кальвиннің танымал суреті стилінде жасалған. Бұл оқиға Apple Watch сағаты шыққан күні болған.

Суретті карталардан алып тастады, Google өкілдері кешірім сұрады. Олардың айтуынша, суретті қосымшаның шығарушы емес, көпшілік қолдана алатын Map Maker қосымшасының пайдаланушысы жасаған.

Соңғы жаңалықтар