+7 (701) 759 90 19
USD 412.10 EUR 454.34
RUB 5.82 CNY 57.62
Jańalyqtar

Apple мен Google вирус жұқтырған пациенттерді бақылайтын қосымшаны іске қосты

2020 жылғы 21 мамыр 11:54
Бөлісіңіз:
Apple мен Google вирус жұқтырған пациенттерді бақылайтын қосымшаны іске қосты

ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Әлемге танымал Apple және Google компаниялары көптен күткен қосымшаны іске қосты. Ол COVID-19 жұқтырған адамның орнын хабарлайды. Бұл туралы ҚазАқпарат Technology Review-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл қосымша әлемнің денсаулық сақтау органдарына коронавирустың таралуын қадағалауға мүмкіндік береді. Әлемнің түрлі елдерінің үкіметі енді бұл технологияны ауру жұқтырған науқастарды және олармен байланыста болуы мүмкін адамдарды бақылау үшін қолдана алады.

Жиырмадан астам ел науқаспен байланыста болған адамдарды бақылауға арналған өз қосымшасын шығарды, бірақ Apple және Google компанияларының бірлесіп жасаған қосымшасы пандемиямен күрес процесін едәуір жеделдетеді деп күтілуде.

Бұл ғаламдық алпауыттардың серіктестігі ауруды жұқтыруы мүмкін тасымалдаушыларды табу бойынша ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.

Apple және Google бес құрлықтағы 22 мемлекет, сонымен қатар АҚШ бірнеше штаты API-ге қол жеткізгенін мәлімдеді.

Apple және Google компанияларының хабарлауынша, коранавирусы бар науқастарды бақылау технологиясы пандемияны жеңген елдерде біртіндеп өшіріледі.

Мұндай технология пандемия ауқымын жеңуге көмектеседі. Сондай-ақ жаһандық экономиканы қалпына келтіру процесінің бір бөлігі бола алады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT