Apple компаниясы қызметкерлеріне коронавирусқа қарсы екпе алуды талап етуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бейжің билігі екі айға ел астанасына кірмес бұрын коронавирусқа екі мәрте тест тапсыруды енгізді, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі.

Бірінші тест Қытайдың басқа аймақтарынан қалаға келгенге дейін 48 сағат бұрын, ал екіншісі кіргеннен кейін 72 сағат ішінде тапсырылуы керек. Аталған шара «эпидемиологиялық қатерлерді алдын ала жоюға» арналған және 22 қаңтардан бастап наурыз айының соңына дейін жүргізілетін болады .

Австрия үкіметі 18 жастан бастап елдің барлық тұрғындарын коронавирусқа қарсы міндетті вакцинациялау туралы шешім қабылдады. Ақпан айынан бастап Австрия халқына екпе алу қажеттігі туралы жазбаша түрде хабарланады. 15 наурызда заңның сақталуын бақылау басталады.

Америкалық Apple компаниясы кеңселер мен сауда дүкендерінде жұмыс істейтін қызметкерлерінен 15 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы екпеден өтуді талап етеді. Өйтпеген жағдайда қызметкерлердің корпорация дүкендеріне, серіктес дүкендерге немесе Apple кеңсесіне барған сайын тест тапсырып отыруына тура келеді.


Соңғы жаңалықтар