Apple «iPhone 8» және «iPhone X» жаңа смартфондарын таныстырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Apple компаниясы Калифорнияда iPhone 8, iPhone 8 Plus және iPhone X жаңа смартфондарын таныстырды. Корпорация өзінің сайтында таныстырылым шарасынан онлайн-трансляция жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



Су өткізбейтін iPhone X («айфон тэн» деп аталады) телефонының корпусы шыныдан жасалған. iPhone-ды қосу үшін экранның астыңғы жағын саусақпен жүргізу қажет. Ал бұғаттаудан шығару үшін Face ID функциясы қолданылады, яғни телефон пайдаланушының келбетін таниды. Смартфонға орнатылған нейропроцессор өз иесінің келбетін қараңғы жерде де тануға мүмкіндік береді. Телефонды адамның фотосы арқылы бұғаттаудан шығару мүмкін емес. Face ID функциясы оның жансыз бейне екенін бірден анықтайды.

iPhone X-тің сатылымы биылғы жылдың 3 қарашасында басталады. Оның бағасы есте сақтау жадына байланысты 470 - 550 мың теңге аралығында болады.



Ал iPhone 8 және 8 Plus смартфондарына A11 Bionic алты ядролы процессор орнатылған. Соның арқасында аппараттың қызмет жылдамдығы артты. Сондай-ақ Retina HD дисплейі, жаңа стереоколонкалары, 12 мегапиксельді камералары бар. Apple компаниясының өкілдері мәлім еткендей, iPhone 8-ге нарықтағы ең мықты шыны орнатылған, оның үстіне, су және шаң өткізбеу қабілеті сақталған. Құрылғыларды сымсыз, токқа қоспай қуаттандыруға болады.

Байланыс құралы 22 қыркүйектен бастап саудаға шығарылады. iPhone 8-дің бағасы 335 мың теңгеден,  iPhone 8 Plusт-тің бағасы 380 мың теңгеден басталады. 

Соңғы жаңалықтар