+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Apple қазақстандық оқушыны домбыра шертуді үйрететін бағдарлама үшін марапаттады

2020 жылғы 10 тамыз 14:21
Бөлісіңіз:
Apple қазақстандық оқушыны домбыра шертуді үйрететін бағдарлама үшін марапаттады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы домбыра шертуді үйрететін бағдарлама жасап, Apple компаниясынан диплом алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Асқар Әлмұхаметов биыл Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сыныбына барады. Ол домбыра шертуді үйрететін симулятор жасап, оны Аpple компаниясы ұйымдастырған байқауға жолдаған.

«Әйгілі Стив Джобс негізін қалаған Apple компаниясы бағдарлама жасаумен айналысатын жастарды ынталандыру үшін жыл сайын инновациялық жобалар байқауын өткізеді. Конкурстың шарты бойынша әуелі үздік жұмыстар іріктеледі. Одан соң компания өкілдері жобаның авторларымен байланысқа шығады. Мен бұл конкурсқа домбыра тартуды үйрететін симуляторды ұсындым. Симулятор Swift бағдарламасымен жасалды», - дейді Асқар Әлмұхаметов.

Оқушының айтуынша, үздік жеңімпаздар Apple компаниясы қаржыландыратын білім грантына ие болады. Бұл грант дарынды жастардың Сан-Франциско қаласындағы (АҚШ) Apple кеңсесінде тәжірибе жинауға мүмкіндік береді. Алайда, әлемде орын алған пандемияға байланысты бұл жоспар кейінге қалдырылғаны белгілі болды. Бірақ, ұйымдастырушылар атыраулық оқушы Асқар Әлмұхаметовтің еңбегін бағалап, ынталандыру үшін компания атынан күзгі күртеше, кәдесый мен конкурсқа қатысқаны үшін дипломды табыстаған.

Асқар Әлмұхаметов –республикалық, халықаралық деңгейдегі стартап конкурстардың жеңімпазы. Бұған дейін ол балалар үшін «Qulynym» мобильдік қосымшасын жасаған. Бұл қосымшада мектепке дейінгі балалар үшін қазақтілді контент жинақталған. Келешекте Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы IT саласын жетік меңгеру арқылы ұлттық технология саласын жаңғыртуды көздеп отыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраулық оқушы волонтерлерге арналған мобильдік қосымша жасап шығарған еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT