Apple 3 жаңа смартфон шығармақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Келесі жылы Apple iPhone X базасында жаңа 3 смартфон шығармақ, деп хабарлайды Macrumors.

Порталдың хабарлауынша, жаңа екі модельдің 5,8 және 6,5 дюйм диагональды OLED-дисплейі, ал үшінші смартфонда 6,1 дюйм диагональды LCD-дисплейі болмақ. Одан басқа жаңа модельдер True Depth камерасымен жабдықталмақ.

Сарапшылардың болжамына қарағанда, LCD-моделі шамамен 649-749 доллар шамасында болмақ. OLED-модельдің құны әзірге белгісіз.

Соңғы жаңалықтар