Апелляция соты дәрігерді атып өлтірген пациентке шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Апелляциялық сот гастроэнтеролог Юрий Шумковты өлтірген сотталушыға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үкім өзгеріссіз қалды, апелляциялық шағым қанағаттандырылмады», - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметінен.

Бұған дейін сот 1987 жылы туған Т-ны бірнеше бап бойынша кінәлі деп танып, оны 18 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейді.

Айта кетейік, сот отырысы барысында прокурор 35 жастағы Т-ны 20 жылға соттауды сұраған болатын.

Кейін сотталушы дәрігер Юрий Шумковтың туыстарынан кешірім сұрады.

Еске салайық, биылғы 4 сәуір күні Алматыда дәрігер емделуші пациентінің қолынан қаза тапты. Оны күдікті аңшы мылтығымен атып тастаған.

Аса ауыр қылмыс қаланың Бостандық ауданында болған. Күдікті қалада енгізілген арнайы жоспар барысында Алатау ауданы аумағында ұсталды.

Кейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Юрий Шумков пен пациент арасында қандай да бір жанжал болмағанын айтты.


Соңғы жаңалықтар