+7 (701) 759 90 19
USD 424.49 EUR 504.51
RUB 5.59 CNY 64.57
Jańalyqtar

Апелляция алқасы «Бек Эйр» компаниясына қатысты сот шешімін өзгеріссіз қалдырды

2020 жылғы 27 қазан 20:52
Бөлісіңіз:
Апелляция алқасы «Бек Эйр» компаниясына қатысты сот шешімін өзгеріссіз қалдырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Апелляциялық алқада тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің «Бек Эйр» компаниясына қатысты арызы бойынша сот шешімі өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

26 қазанда Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының қорытынды отырысы өтті. Сот бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдыру, ал «Бек Эйр» АҚ апелляциялық шағымын қанағаттандырмау туралы шешім шығарды.

Сот шешімі жария етілген кезден бастап күшіне енеді.

Естеріңізге сала кетейік, тұтынушылар құқығын қорғау комитеті 3 шілдеде сотқа талап арыз беріп, онда 5,9 млн теңгеге билет сатып алған 81 тұтынушының мүддесіне өкілдік еткен еді.

24 шілдеде Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты комитеттің талап арызын қанағаттандырды, оған «Бек Эйр» АҚ апелляциялық шағым берді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 241-бабына сәйкес, соттың шешiмi заңды күшiне енгеннен кейiн атқару парағы жазылып беріледі. Атқару парағын бiрiншi сатыдағы сот шешiм заңды күшiне енген немесе iс жоғары тұрған соттан қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күні iшiнде жазып береді.

Алматы қалалық сотының апелляциялық сот алқасында «Бек Эйр» АҚ комитеттің екінші талабы бойынша апелляциялық шағымы қаралып жатыр.

Одан бөлек, Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты «Бек Эйр» АҚ-ға қатысты үшінші талапты қарастырып жатқанын қосымша хабарлаймыз, онда ТҚҚК 535 тұтынушының мүддесін қорғайды, талап қою сомасы - 33,8 млн теңге.

Кезекті отырыс 28 қазан сағат 15:00-ге белгіленген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT