Апелляция алқасы «Барыс - 4» базарына қатысты сот шешімін өзгеріссіз қалдырды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Алматы қаласы прокуратурасының уәкілетті органға және А. тобына мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап-арызы, атап айтқанда Б ЖШС жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлесті сатып алу - сату шарты бойынша азаматтық іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот шешімімен келіспеген жауапкер апелляциялық сатыдағы сотқа шағымданды.

Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі мәлім еткендей, апелляциялық шағымда «Найза-БН» ЖШС Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2022 жылғы 3 қазандағы шешімінің күшін жоюды сұраған.

Алқа Мемлекет басшысының 2022 жылғы 05 маусымдағы № 98 Жарлығын іске асыру шеңберінде Алматы қаласының прокуратурасымен заңсыз жекешелендіру фактісі анықталғанын, осыған байланысты жауапкердің талап қою мерзімінің өтіп кеткендігін анықтады.

«Апелляциялық инстанция инвесторға инвестицияларды тарту шарты бойынша расталмаған берешекті көрсету ЖШС-дегі мемлекеттің үлес құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік бергенін растады. Белгіленген мән-жайлар бойынша сот қаулысы өзгеріссіз қалдырылып, апелляциялық шағым қанағаттандырылған жоқ»,- деп хабарлады ведомствонаның баспасөз қызметінен.

Бұған дейін Алматының экономикалық соты жекешелендірілген «Барыс-4» көтерме сауда базарын мемлекет меншігіне қайтару туралы үкім шығарған болатын.

Іс материалдары бойынша, 2013 жылғы желтоқсанда «Найза-БН» компаниясы мемлекеттен «Барыс IV» базарын сатып алған. Мәміле шартын Алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті жасаған. Бұған дейін Бас прокуратура бұл нысан бес есе төмендетілген бағамен сатылғанын хабарлаған болатын. Нарықтағы құны 1,5 миллиард теңге болса, ол 307 миллион теңгеге сатылған.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.


Соңғы жаңалықтар