Апатты үйлердің тізімін кім жасайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы апатты үйлердің тізімі аудан әкімдіктері жүргізетін мониторинг негізінде жасалады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елорданың тұрғын үй қорының жай-күйіне мониторингті Нұр-Сұлтан қаласы аудандарының әкімдіктері жүзеге асырады. Көзбен шолу нәтижелері бойынша құрылыс конструкцияларының физикалық тозуы тұрғысынан техникалық қорытындыны талап ететін тұрғын үйлердің тізбесін жасайды. Техникалық қорытынды бойынша тұрғын үйдің 61% - дан астам физикалық тұрғыда тозған болса, үйді «апатты» деп тану мәселесі тұрғылықты ғимараттар мен құрылыстарды апаттық деп тану мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына шығарылады», - делінген редакция сауалына жолданған жауапта.

Әкімдіктің жауабында айтылғандай, бұзуға жатқызылған үйлердің кезегі мен тізбесін аудандардың әкімдіктері жасауы керек.

«Жоба шеңберінде бұзуға жататын апаттық үйлердің тізбесін апаттық дәрежесін ескере отырып және апаттық үйлердің тұрғындары үшін серіктестіктің пәтерлерін өтеусіз беру пропорциясын сақтай отырып, «Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы қалыптастырады және енгізеді», - дейді басқарма өкілдері.

Еске салсақ, бұған дейін елорда әкімдігіндегілер апатты үйлердің тұрғындарына баспана беру тәртібін түсіндірген болатын.


Соңғы жаңалықтар