Апаттан көз жұмған бағдарламашы жігіттің қабіріне iPhone-құлпытас қойылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда Кеңсай мазарына жерленген марқұм Заңғар Орынбетовтің қабірінің басына орнатылған iPhone түріндегі құлпытас әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.

Заңғардың жақындары мен достары айтылған сынға жауап беріп, iOS-әзірлеушілердің бүкіләлемдік конференциясына (WWDC) қатысқан жалғыз қазақ, жас ғалым Заңғардың еңбегін тағы да еске алды.

Заңғар Орынбетов 12 қыркүйек күні Приозерскте жол апатынан мерт болды. Ол бар болғаны 23 жаста еді.

«Кеше біздің оқытушы (Сүлейман Демирель атындағы университет) Заңғар Орынбетов жол апатынан көз жұмды. Бұл фотода ол Apple басшысы Тим Кукпен бірге түскен», - деп жазды Инстаграм желісіне Мейрамбек Жапаров. 

Оқиғадан бейхабар жұрт әуелде бұны түсінбей, сынға алған еді. Оларға Заңғардың әпкесі, журналист Бэлла Орынбетова Фейсбуктегі парақшасында жауап берді.

«Заңғар IOs жүйесіне арнап мобильді қосымшалар жасайтын. Apple компаниясын жақсы көретін. Өз жұмысының көпшілігін де соған арнады. Жазда Apple компаниясының WWDC 2016 жазғы мектебіне жолдама алып, барып қайтқан. Соңғы жұмысы iPhone / iPad-қа арналған қазақша интеллектуалды пернетақта  еді. Өмірден ең жақын адамың кеткенде оның оралмасын түйсінсең де, бұрынғыдай қуантқың келеді. Заңғардың басындағы құлпытасы - әкесі мен анасының соңғы "сыйлығы"», - деп жазды ол. 

null null 

Соңғы жаңалықтар