Апатқа ұшыраған жолаушыны, оған көмектеспек болған жүргізушіні минивэн қағып өлтірді

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Бішкек-Торугарт тас жолында жол апаты болып, екі ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Кабар агенттігі Нарын облысының ІІБ Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөліміне сілтеме жасап.

Ведомствода мәлім еткендей, «Ауди» маркалы автокөлігі комбайнға келіп соғылған. Мұны көрген, жолай өтіп бара жатқан «Фольксваген пассат» жүргізушісі тоқтап, зардап шеккен адамға көмектесуге ұмтылған.  Әлгі азамат жолаушыны көліктен шығарып жатқан кезде оларды үлкен жылдамдықта келе жатқан минивэн келіп қаққан. Салдарынан ер адамның екеуі де оқиға орнында қаза тапты.

Сондай-ақ, жол апатынан тағы да екі адам зардап шеккені анықталды. Олар Кочкор ауруханасына жеткізілген. 

Соңғы жаңалықтар