Апатқа ұшыраған ұшақтың ішіндегі бала аман қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Кентукки штатының оңтүстік-батысында Piper PA-34 шағын ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы ТАСС жазады.

Болған оқиғаның салдарынан үш жолаушы мен ұшқыш қаза тапты. Ұшақтың ішінде болған тек жеті жасар қыз бала ғана аман қалған. Бала ең жақын тұрған үйге дейін өзі жеткен, үйдің тұрғындары болса көмекке құтқарушыларды шақырды.

Қазіргі уақытта апаттың себептері анықталу үстінде. Алдын ала ақпарат бойынша, екімоторлы ұшақтың қозғалтқышында ақаулар болған.

Соңғы жаңалықтар