Апатқа ұшыраған «Союз-ФГ» бөлшектері Самараға жеткізіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылғы 14 қазанда осы аптаның ортасында апатқа ұшыраған «Союз-ФГ» зымырантасығышының бөлшектері самаралық «Прогресс» кәсіпорнына жеткізіледі. Бұл туралы Роскосмос баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдағы аптаның басында «Прогресс» зымыран-ғарыш орталығында ұшыру сынақтары жөніндегі комиссия жұмысқа кіріседі. Олар қорытынды шығару үшін апатты зымырантасығыштың бөлшектерін зерттеумен айналысады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 12 қазанда Жезқазған қаласында орналасқан №1 Ресей базасының және құралдарының күшімен ғарыш кемесінің баспалдақтары табылды.

null  Бірінші, екінші, үшінші баспалдақ, сонымен қатар апаттық құтқару жүйесінің  қозғалтқыш құрылғысы Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Талап ауылынан 40 шақырым жерден анықталды.

Аталған аумақтан зымыран бөлшектері толықтай шығарылғаннан кейін, «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығының мамандары топырақ пен ауа сынамаларын зерттеу жұмыстарына кіріседі.null

Естеріңізге сала кетейік, 11 қазанда 14 сағат 40 минут 15 секундта Байқоңыр ғарыш айлағының Гагарин старт алаңынан орбитаға басқарылатын көліктік «Союз МС-10» кемесін алып шығуы тиіс «Союз ФГ» зымырантасығышы ұшырылды. Бірақ старт берілген соң бірнеше минуттан кейін Роскосмос сайтындағы тікелей көрсетілім үзіліп, диктор «зымырантасығыштың апатқа ұшырағанын» хабарлаған еді. 

Соңғы жаңалықтар