Апат жойылып, газ беріле бастады – Алматы облысының әкімдігі

None
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Алматы облысы Талғар ауданының бірнеше ауылында газдың өшіп қалуына себеп болған магистральдық желідегі апат толығымен жойылды, барлық елді мекендер көгілдір отынға қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Панфилов, Гүлдала, Тұздыбастау ауылдары газбен толық қамтамасыз етілді. Қалпына келтіру жұмыстарына «Тәуекел» газ тарату кәсіпорнының 60-тан астам жұмысшысы мен жергілікті әкімдіктің 20 қызметкері жұмылдырылды», - деді облыс басшысының баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел.
Әкімдік атап өткендей, Тұздыбастау ауылының екі көшесінде газ қысымын реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 30 қараша күні кешке магистральдық құбырда апат болып, салдарынан Талғар ауданындағы бірнеше ауыл газсыз қалған еді.


Соңғы жаңалықтар