АӨСШК заманауи дипломатияның халықаралық институтына айналды - Тоқаев

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыру туралы бастаманың көтерілгеніне 30 жыл толып отыр. Бұл туралы халықаралық ұйымның VI саммитінде сөз сөйлеген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысқандарыңыз үшін Сіздерге шынайы алғысымды білдіремін, -деген Мемлекет басшысы ұйымның ықпалы артып келе жатқанын атап өтті.

«Биыл осы Кеңесті шақыру туралы бастаманың көтерілгеніне 30 жыл толды. Осы кезең ішінде бұл жиын көпжақты ынтымақтастық тұғырына және заманауи дипломатияның халықаралық институтына айналды»,- деді Президент.


Фото:t.me/bort_01




Соңғы жаңалықтар