АӨСШК: Тоқаев экология мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі конференция өткізуді ұсынды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы Астанада АӨСШК елдеріндегі экология мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі конференция өткізуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азия үшін экономиканы көміртексіздендіру мәселесі өте өзекті болып табылады. Бұл мәселені шешу үшін бұрын-соңды болмаған көлемде инвестиция қажет. Бір айдан кейін Мысырда СОР27 климат жөніндегі конференция өтеді. Сондай-ақ, 2024 жылы Астанада АӨСШК елдеріндегі экология мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі конференция өткізуді ұсынамын. Осы конференцияның нәтижелері экология саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша АӨСШК кеңесін құру үшін негіз бола алады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитінде.


Соңғы жаңалықтар