ҰҚШҰ: Сирия мен Ирактың 60 мыңнан астам мигранты ТМД арқылы шекара асқан

2016 жылғы 17 қараша, 13:08
ҰҚШҰ: Сирия мен Ирактың 60 мыңнан астам мигранты ТМД арқылы шекара асқан

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы Сирия, Ливан, Ирак және Йеменнің 70 мыңға тарта заңсыз мигранты Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) аумағына өтіп кеткен. Бұл туралы бүгін ҰҚШҰ бас xатшысының орынбасары Валерий Семериков мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл жыл әлі толық аяқталмаса да, ҰҚШҰ ұйымына мүше мемлекеттердің аумағына Сирия, Ливан, Ирак және Йеменнің 70 мыңға тарта заңсыз мигранты еніп кеткен. Олардың 63 мыңы ТМД елдерінен келді. Олар транзитпен келгені анық. Қалғандары бойынша жұмыс жүргізілуде», - деді ол Астанада ұйымға мүше елдердің заңсыз миграциямен күрес органдарының үйлестіру кеңесінің отырысында.

Оның айтуынша, ТМД елдерінде заңсыз жүрген мигранттар бойынша шұғыл шаралар қолданылды. Олардың басым бөлігі елден шығарылды.

«2016 жылы Ауғанстаннан 22 мың адам ҰҚШҰ елдеріне заңсыз көшкен. Олар Таяу Шығыстан келген мигранттардан көп. Олар бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда», - деді Семериков.

РФ Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Александр Горовойдың айтуынша, Таяу Шығыстан келген мигранттардың басым бөлігі жалған құжаттармен келген.

«Біз қазір Сирия мен Ирак бандалары ұрлап кеткен 60 мыңнан астам паспорпен жұмыс жасаудамыз. Оларды лаңкестер мен топ мүшелері қолданды деп болжауға болады», - деді ол.

Теги:
Заң  
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar