АӨСШК халықаралық ұйымға айналса, атауы өзгеруі мүмкін

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің бас хатшысы Қайрат Сарыбай кеңес халықаралық ұйымға айналса, аты өзгеруі мүмкін екенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұйым болады дегенге ешкімнің күмәні жоқ. Мүше мемлекеттердің бәрі соған бел буып, мәлімдемеге қол қойды. Бірақ ол ұйымның атауы қалай болады? Мысалы, Біріккен Ұлттар Ұйымында біз бақылаушы мәртебесіндеміз. Ал АӨСШК аясында әріптестіктің жаңа бір басқа тетігі орнатылатын шығар. Осының бәрі ұйымдардың арасындағы айырмашылықты меңзейді. Ең бастысы, бәрі трансформацияға қуанып отыр. Бұл – бір. Екіншісі – арамыздағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көшу керектігін бәрі мойындап отыр», - дейді Қайрат Сарыбай.

Ол кеңес халықаралық ұйымға айналып жатса, атауы қалай өзгергенін жөн көретінін ортаға салды.

«Мен тек жеке пікірімді айта аламын. Ешкімнің атынан айта алмаймын. Маған салса, қазіргі атауын қалдырған дұрыс. Өйткені әбден қалыптасып болды және бәрі осы атауымен танып-біледі. Сондықтан атауын қарастыру процесі алда күтіп тұр», - деді АӨСШК бас хатшысы.


Соңғы жаңалықтар