АӨСШК Аға лауазымды тұлғалары комитетінің отырысы өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 21-23 маусым аралығында қазақстандық төрағалықтың бастамасы бойынша Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) Арнайы жұмыс тобы (АЖТ) мен Аға лауазымды тұлғалар комитетінің (АЛТК) кезекті отырыстары өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

АЖТ және АЛТК отырыстарында Кеңестің одан әрі институционалдық дамыту, Сенім шараларының каталогын іс жүзінде іске асыру, құқықтық базасын жетілдіру, АӨСШК сенім шараларын жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды өткізу қағидаттары мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Азияның әлемдегі жаңа рөлі, жаһандық және өңірлік үрдістер, АӨСШК одан әрі даму перспективалары туралы пікір алмасылды.

АЛТК төрағасы - Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев өз сөзінде АӨСШК қызметінің айтарлықтай жанданғаны байқалатынын қанағаттанушылықпен айтып кетті. Атап айтқанда, ол АӨСШК Іскерлік кеңесі мен Жастар кеңесі басқармасының отырыстарының, экономикалық және экологиялық өлшемдер шеңберіндегі бірқатар іс-шаралардың, сондай-ақ эпидемиологиялық қауіпсіздік саласындағы конференцияны қоса алғанда, жаңа сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы күрес саласындағы бірқатар іс-шаралардың сәтті өткізілгенін жеткізді.

АЛТК отырысы барысында Түрікменстанға АӨСШК бақылаушы мәртебесін беру туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар, іс-шара барысында БҰҰ Бас хатшысының орынбасары - Терроризмге қарсы күрес басқармасының басшысы Владимир Воронковтың Кеңес шеңберінде талқыланып отырған БҰҰ-ның Жаһандық контртеррористік стратегиясын іске асыру жөніндегі АӨСШК іс-қимыл жоспарының маңыздылығы туралы бейне үндеу жасады.

АЛТК отырысының қорытындысы бойынша 2021 жылғы қазанда өтетін АӨСШК 6-шы министрлік кездесуі барысында бекіту үшін АӨСШК Даналар кеңесі туралы ереже жобасы келісілді. Бұдан басқа, АЛТК келесі сенім шараларында қоса үйлестірушілерді бекітті: эпидемиологиялық қауіпсіздік, қоғамдық денсаулықты сақтау және фармацевтика (Қытай және Иордания), көлік дәліздерінің қауіпсіз және тиімді жүйелерінің дамуы (Қытай), залал апаттарды басқару (Бангладеш) және адами өлшемі (Қытай).


Соңғы жаңалықтар