АОК Үйлестіру комитеті 2011 жылғы қысқы Азия ойындарына дайындық мәселелерін талқылады

None
None
АСТАНА. Желтоқсанның 11-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада Азия Олимпиадалық кеңесінің Үйлестіру комитетінің отырысына қатысушылар 2011 жылы елімізде өтетін қысқы Азия ойындарына дайындық мәселелерін талқылады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Атап айтқанда, Азия Олимпиадалық кеңесінің өкілдеріне спорттық нысандардың дайындығы, қатысушы елдердің споршылары мен делегаттарын, жанкүйерлерді орналастыру, сонымен бірге жарыстарды өткізу тәртібі және басқа да шаралар таныстырылды

 Отырыс барысында Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов спорттық нысандардың құрылысы жоспарланған тәртіп бойынша жүргізіліп жатқанын, сондай-ақ олар өз уақытында аяқталатынына сенім білдірді.

  «Ал ұйымдастыру мәселелеріне тоқталсақ,  осыған байланысты тәжірибеміз мол. Жақында біз 140 елден келген делегаттардың қатысуымен Дүниежүзілік туристік ұйымы Бас ассамблеясының мәжілісін өткіздік. Бұл шара аясында барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылды», деді министр.

Соңғы жаңалықтар