+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

АӨК-ті цифрландырудың тиімділігі 7 жылда 40 млрд теңгеге жетеді

2018 жылғы 24 маусым 07:30
Бөлісіңіз:
АӨК-ті цифрландырудың тиімділігі 7 жылда 40 млрд теңгеге жетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев «Қаскелең» агропаркі пилоттық жобасының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

АӨК-ті цифрландыру аясында «Қаскелең тәжірибе шаруашылығы» ЖШС базасында «Нақты егіншілікті дамыту үшін инновациялық агротехнологиялық паркі» («Қаскелең» агропаркі) пилоттық жобасы құрылған болатын. Агропарк 6 ірі ғылыми институттар консорциумы негізінде 1630 га жер көлемінде жүгері, соя, жаздық бидай және арпа және сұранысқа ие ауыл шаруашылығы дәнді-дақылдарын өсіріп-өндіреді.

Нақты егіншілік элементтерін енгізу фермерлерге өндірістің тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Мұндай элементтерге электронды жер картасы, нақты метеодеректер, сенсорлар мен датчиктер, жоғары ажыратымдылықтағы камералармен жабдықталған әртүрлі ұшақтарды пайдалана отырып аэрофототүсірілім жасау, космомониторинг, параллельді жүргізу жүйелерін пайдалану, қашықтан басқару және басқа шешімдер жатады.

Мұндай технологияларды енгізу ауыл шаруашылығында тәуекелдерді басқарудың жаңа деңгейіне көшуге мүмкіндік береді; телеметрия және қашықтан кіру жүйелері, қысқа уақыт ішінде үлкен аумақтардан әртүрлі мәліметтерді алуға және талдауға және технологиялық үдерістер мен операцияларды түзету бойынша уақтылы шешімдер қабылдауға мүмкіндік берді.

Мысалы, дифференциалды қолданудың арқасында тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау өнімдерін тиімді пайдалану, суару жүйесінде су мен энергия шығынын үнемдеу үшін суару режимдерін өзгерту, жүктің біркелкі бөлінуіне байланысты ауыл шаруашылық техникасының логистикасын жоспарлау және тиісінше, оның өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осының бәрі жоспарланған шығындарды 70% -ға дейін азайтуға мүмкіндік береді және нәтижесінде ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттырады.

Министрлік тарапынан АӨК-ті дамытудың барлық негізгі бағыттары бойынша осындай біліктілік орталықтарын құру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Университеттер, ҒЗИ мен тәжірибелік шаруашылықтар базасында осы технологияларды тиімді оқыту және тарату ұйымдастырылуда.

Жалпы Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-ті ауқымды цифрландыру үшін екі үлкен тапсырма қойып отыр. Олар:
- АӨК-ті мемлекеттік реттеу жүйесін цифрландыру;
- Өндірістік саланы технологиялық қайта жарақтандыру.

Цифрландыру АӨК-ті мемлекеттік реттеудің төрт бағытын дамытудың маңызды құралы болып табылады, олар: АӨК субъектілерін қаржыландырудың қолжетімділігі, өткізу нарығын және экспортты дамыту, мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың тиімділігі, су және биоресурстарды тиімді басқару.

Аталған бағыттар бойынша АӨК-тегі 101 мемлекеттік қызмет көрсету мен оған байланысты процестер автоматтандырылатын болады.

АӨК-ті цифрландыру бәсекеге қабілеттілікті және еңбек өнімділігін арттыруға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және салаға инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, 2025 жылға дейін экономикалық тиімділік шамамен 40 млрд теңгені құрайды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT