+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

АӨК саласында мониторинг, талдау және болжау орталығы құрылады

2020 жылғы 18 ақпан 12:59
Бөлісіңіз:
АӨК саласында мониторинг, талдау және болжау орталығы құрылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінде мониторинг, талдау және болжау бойынша бірыңғай цифрлық ситуациялық орталық құрылады. Бұл жайлы Парламент Мәжілісінде аграрлық ғылымды, білім және өндірісті интеграциялау мәселелері бойынша отырыста Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығының басқарма төрағасы Төлеутай Рақымбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінде мониторинг, талдау және болжау бойынша бірыңғай цифрлық ситуациялық орталық құру мәселесін пысықтап жатырмыз. Ол біздің орталықтың базасында ашылып, ауыл шаруашылығы саласының барлық ақпараттық жүйесін интеграциялауды көздейді», - деді Төлеутай Рақымбеков.

Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығының басшысы өкінішке орай Қазақстан әлі күнге дейін АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігінің болжамды мәліметтерін пайдаланатынын жеткізді. Оның айтуынша, цифрландыру саласындағы мамандар мен қарапайым шаруа қожалық иелерін кездестіріп, фермерлердің бұл бағыттағы тәжірибесін арттыру керек.

«Цифрландыру саласының артықшылықтары шаруа иелерін артық шығындардан арылуға көмектесер еді», - деді ол.

Айта кетсек, бұған дейін Төлеутай Рақымбеков отандық аграрлық ғылымның басты проблемаларын атаған болатын. Оның айтуынша, біздегі аграрлық ғылымның басты мәселесі – білім беру, трансферт пен коммерциялық технологияларды ұсыну бойынша ұйымдастыру жұмысының әлсіздігі болып отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT