АӨК саласында 300 млрд теңгенің құжаты рәсімделді - АЭФ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Global Challenges Summit 2018 форумы барысында агро-өнеркәсіп кешені саласында жалпы сомасы 300 млрд теңгені құрайтын жобаларды жүзеге асыруды көздейтін құжатқа қол қойылды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін біз үшін маңызды күннің бірі болды. Біз инвестиция тарту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз және нарықта өз сегментінің үздік инвесторларының бірі саналатын ірі шетелдік инвесторлармен бірқатар жол картасына және меморандумға қол қойдық. Олардың ішінде ет өндірісі, сүт өнімдері өндірісі, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру сынды жобалар бар. Мұндай құжаттардың жалпы саны - 10. Ал бұл құжаттардың жалпы құны 300 млрд теңгеден асып жығылады», - деді вице-министр.

Осы ретте, ол форум аясында қандай ірі трансұлттық компаниялармен жол картасы жасалып, меморандумға қол қойылғанын айтты.

«Олардың қатарында италиялық «Crемоnini» («Inalca Eurasia Holding»), ет өнімдерін өндірумен айналысатын израильдік «M.A.D. Developing Agricultural Projects», Австрияның жетекші ет өндірушісі «Cedar Meаts» компаниялармен  меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, тәулігіне 100 тонна түйе сүтін өңдейтін қытайлық «Golden Camel GROUP LTD»  компаниясымен құжатқа қол қойылды. Жоба жүзеге асырылу сатысында», - деді Рүстем Құрманов.

Соңғы жаңалықтар