АӨК өңделген өнім экспорты екі есеге артады – Ауыл шаруашылығы министрлігі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешеннің өңделген өнім экспортын екі есеге ұлғайтуды жоспарлап отыр.Бұл туралы IX Азаматтық форумда министр Сапархан Омаров айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мемлекет басшысының Жолдауында министрлікке бірқатар тапсырмалар берілді, оларды шешу агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға жаңа серпін береді. Негізгі міндеттердің бірі – агроөнеркәсіптік кешеннің өңделген өнім экспортын екі есеге ұлғайту. Ұлттық жоба әзірлеу аясында ауыл шаруашылығы және қайта өңделген өнім экспортын ұлғайту мәселелері талқыланады», - деді министр.
Оның айтуынша, Қауіпсіздік Кеңесінің жанынан агрокөшбасшылар тобы құрылды. Олар конкурстық негізде сарапшыларды таңдады. Бұл сарапшылар Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, экспортты ұлғайту жөніндегі өз пікірлерін әзірлеп жатыр.
«Жыл соңына дейін құжат тұжырымдамасын әзірлеп, талқылауға шығарамыз деп ойлаймын. Құжаттың драфты дайын тұр, онда экспорт бойынша барлық проблемалық мәселелер көрсетілген. Оның қандай шешімдері бар, қай елдерге экспорт көлемін ұлғайту қажет, қандай өнімдер бойынша әлеует бар – бұл мәселелер Ауыл шаруашылығы министрлігіне ғана емес, барлық мемлекеттік органдарға қатысты. Аталған құжат Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешен бойынша соңғы он жылдық қызметіне жасалған талдау негізінде дайындалады. Құжат дайын болған соң, талқылауға шығарып, қоғамдық кеңестердің қарауына береміз», - деді Сапархан Омаров.
- ҚР АШМ қызанақ экспортына Ресейдің тыйымына қатысты: Жасанды кедергі
- 2020 жылдың 11 айында Қазақстанда 430 мың тоннадан астам ет өндірілді – ҚР АШМ
- Қазақстанда былтыр 430 мың тоннадан астам ет өндірілді
- СҚО-да шаруа қожалығы балдыр өсіріп, жемазық ретінде қолдануда
-
Агросаладағы сұрақтарға жылдам жауап беретін Telegram-бот іске қосылды
-
Архимед Мұхамбетов: Жергілікті шаруа қожалықтарын дамытуымыз қажет
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам