АӨІСШК-нің 6-саммиті 2022 жылы Қазақстанда өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары Сыртқы істер министрлерінің кездесуінде АӨІСШК-нің 6-саммитін 2022 жылы Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сонымен қатар кездесу қорытындысында бірқатар құжат қабылданды. Атап айтқанда, АӨІСШК төрағалығының мәлімдемесі бекітілді. Құжатта Азиядағы қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз ету, жаңа сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы тұру, оның ішінде эпидемиологиялық қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруіне бейімделу, тұрақты экономикалық даму, цифрлық экономиканы ілгерілету, көлік және логистика, мәдени диалог және тағы басқа салалардағы өзара байланысты қамтамасыз ету үшін АӨІСШК елдерінің ынтымақтастығын нығайтудың маңыздылығы атап өтілген. Ауғанстандағы жағдайға да ерекше назар аударылған.

Мұнан бөлек, АӨІСШК талдау орталықтарының форумын тұрақты жұмыс істейтін алаңға айналдыру құпталды. АӨІСШК сенім шараларының жаңартылған каталогы да бекітілді. Заманауи жағдайға бейімделген каталогқа ынтымақтастықтың эпидемиологиялық қауіпсіздік, қоғамдық денсаулық сақтау және фармацевтика, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, терроризмге қарсы күрес сияқты жаңа басым салалары кіргізілген.

Кездесуде АӨІСШК Ғұламалар кеңесі туралы ереже де бекітілді. Ғұламалар кеңесі бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту, сенім шараларын іске асыру мәселелерін, АӨІСШК аяс ындағы жұмыстың одан арғы бағыттары мен басымдықтарын қоса алғанда АӨІСШК-нің ағымдағы қызметі мен дамуының кең ауқымы бойынша консультативтік-кеңесші орган болмақ.


Соңғы жаңалықтар