Әнуар Жайнақов Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің кеңесшісі болып тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаровтың кеңесшісі болып тағайындалды.  Бұл туралы бүгін қазақстандық БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтау барысында ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Əбдірахманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ал, ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы болып Айбек Смадияров тағайындалды. 
35 жастағы А.Смадияров кадрлық дипломат болып табылады. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін үздік бітірген. Бұрын СІМ-нің орталық аппаратында, Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінде және Президенттің баспасөз қызметінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
Соңғы жылдары Қазақстанның Вьетнамдағы Елшілігінде кеңесші болды.

Соңғы жаңалықтар