Әнуар Жанғозин «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы болып тағайындалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Әнуар Жанғозин халықаралық бағдарламалар орталығы басқармасының төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол 1986 жылы дүниеге келген. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде «Математика» мамандығы бойынша және «Назарбаев Университетінің» магистратурасында «Білім беруді басқару» мамандығы бойынша білім алған. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

2008-2011 жылдары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» әдістемелік процесс департаментінің менеджері, директордың орынбасары болып жұмыс істеді. 2011 жылдан 2016 жылға дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінде» математика пәнінің мұғалімі, директор қызметін атқарған. 2017-2019 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы болды. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.


Соңғы жаңалықтар