Әнуар Жанғозин балабақша кезегінде өз атынан жүздеген баланың неліктен тіркелгенін түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин балабақша кезегіне өз атына тіркелген жүздеген балаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды, ҚазАқпарат тілшісі.

«Нақты менің атыма бірнеше жүз бала тіркелген болатын. Мұндай жайт балаларды балабақшаға тіркеуді қағаздан электрондық форматқа ауыстыру барысында орын алған еді», - деді ол елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда басқарма басшысы БАҚ өкілдерінің «мұндай әрекет Қазақстан заңнамасына қайшы емес пе?» деген сауалына жауап берді.

«Бұл заңнаманың ешқандай нормасына қайшы емес. Керісінше біз ата-аналарға көмек көрсеттік. Себебі, біз мұндай қадамға бармаған кезде олар кезектен айырылып қалатын еді. Ал бұл дұрыс емес. Электрондық форматқа көшуімізге байланысты бірде-бір ата-ана, бірде-бір бала өздерінің кезектегі орнынан айырылмауы қажет. Сондықтан осындай әрекетке бардық. Ата-аналардың басым бөлігі қазіргі уақытта балаларды өз аттарына жаздырып алды», - деді Әнуар Жанғозин.

Айта кетейік, елорда балабақшаларында 17 мың орын босайды. Осы жолы балабақшаға жолдама алу жаңа жүйе бойынша жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар