Әнуар Жанғозин астаналық білім басқармасының басшысы қызметінен кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы қызметін атқарып келген Әнуар Жанғозин қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті Елорда тұрғындары! Бүгін қаламызда білім басқармасының жетекшісі ретіндегі қызметім өз мәресіне жетіп отыр. 3 жылда күрделі де мазмұнды жұмыстар атқарылды. Елімізде алғаш енгізіліп жатқан жобалар, азаматтарға қатысты түрлі мәселелерді шешу, өз ісінің кәсіби мамандарымен жұмыс істеу мені бақытқа бөледі», - деп жазды Ә. Жанғозин өзінің Facebook парақшасында.

Сонымен бірге, ол әлеуметтік желіде өзі басшылық еткен уақытта жүзеге асқан жобалардың нәтижесімен бөлісті.

«Әрине, мұның барлығы әріптестердің, белсенді ата-аналардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қалалық қоғам мүшелерінің қолдауының арқасында жүзеге асқан жұмыстардың бөлігі ғана. Мен барша аянбай еңбек еткен жандарға алғыс айтамын. Алдағы уақытта жаңа және тың жобаларды жүзеге асыру барысы туралы Сіздерді міндетті түрде хабардар етемін», - деді Әнуар Жанғозин.

Соңғы жаңалықтар