Әнуар Сәйденов «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы Әнуар Сәйденов «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл жөнінде KASE қор биржасының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 14 мамырдағы шешімімен «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы ретінде Әнуар Сәйденов тағайындалды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Әнуар Сәйденов «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ тәуелсіз директоры лауазымына тағайындалған болатын.

Соңғы жаңалықтар