Әнуар Сәйденов «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Белгілі қаржыгер, экономист, ҚР Ұлттық банкінің экс-төрағасы Әнуар Сәйденов «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті. Бұл туралы KASE қор биржасында хабарлады.

«Алматы халықаралық әуежайы» АҚ директорлар кеңесінде болған өзгерістен KASE қор биржасын хабардар етті.

Ресми хатта 2016 жылдың 20 сәуірінен Әнуар Сәйденовтің директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кеткені айтылған.

Ә.Сәйденов бұрын «БТА Банк» банкінің төрағасы, «Bank RBK» АҚ тәуелсіз директоры, Ұлттық банк төрағасы қызметтерін атқарған.

Соңғы жаңалықтар