Әнуар Сәйденов «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат Белгілі қаржыгер, экономист, ҚР Ұлттық банкінің экс-төрағасы Әнуар Сәйденов «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бұл туралы KASE қор биржасында хабарлады.

Директорлар кеңесі 2016 жылдың 11 қаңтарында Әнуар Сәйденовты директорлар кеңесінің төрағасы етіп сайлау туралы бір шешімге келген.
Айта кету керек, ол бұған дейін директорлар кеңесінің мүшесі болып келген.
Ә.Сәйденов «БТА Банк» банкінің төрағасы, «Bank RBK» АҚ тәуелсіз директоры қызметтерін атқарған.

Соңғы жаңалықтар