Әнуар Садықұлов Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ә.Т. Садықұловты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындау туралы

Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Соңғы жаңалықтар