Антуан Гризманн соңғы бес жылда Франция құрамасының барлық ойынында алаңға шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шабуылшы Антуан Гризманн бес жыл бойы футболдан Франция құрамасының барлық кездесуінде ойын көрсетіп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол бүгін ұлттық құраманың Туниспен кездесуінде 73-минутта жасыл алаңға шықты. Ойын барысында қарсылас құрама қақпасына гол соққан еді. Ойыннан тыс қалды деген шешіммен гол саналған жоқ.

Кездесу барысында Франция құрамасы Туниске 0:1 есебімен жол берді.

Осылайша шабуылшы ұлттық құрама сапындағы 70-ойынын өткізді. Ол соңғы мәрте 2017 жылдың маусым айында қосалқы құрамда қалып қойған болатын.

31 жастағы шабуылшы 2009 жылдан бері кәсіпқой футболда ойын көрсетіп келеді. Қазірге дейін Испанияның «Реал Сосьедад», «Атлетико Мадрид», «Барселона» клубтарында доп тепті.

Ұлттық құрама сапында 2014 жылдан бері 110 ойын өткізіп үлгерді.


Фото: Global Look Press
Соңғы жаңалықтар