+7 (701) 759 90 19
USD 425.02 EUR 498.17
RUB 5.85 CNY 65.85
Jańalyqtar

Антиваксерлермен жеке кездесуге дайынмын – Алексей Цой

2021 жылғы 23 шілде 17:53
Бөлісіңіз:
Антиваксерлермен жеке кездесуге дайынмын – Алексей Цой

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина салуға қарсы тұрғындар мен Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевтың арасындағы келеңсіз оқиға туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да ауылға барып жұмыс істейтін 100-ден астам дәрігерге үй беріледі 891 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды Өткен тәулікте  3673 адам коронавирус індетінен сауықты

Орталық коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдері Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға антиваксерлер мен министрлік мамандарының арасындағы келеңсіз оқиға туралы сауал қойды. Әлеуметтік желіде бірнеше тұрғынның Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің реми өкілі Ержан Байтанаевқа қол көтергені туралы видео тараған болатын.

«Антиваксерлермен кездесуге орынбасарларыңыз бен ресми өкілдерді жібергенше неге өзіңіз шықпадыңыз. Олар сіздің атыңызды атап шақырды ғой. Егер сіз шыққанда мұндай келеңсіздік болмас па еді?» - деп сұрады журналист.

«Түсіндіру жұмыстары барлық сатыда жүріп жатыр. Вице-министрлер де, мен де халықпен байланысқа шығып жүрміз. Сондықтан, кім бос болса сол кездеседі. Бұл жерде ешқандай сұрақ болмауы керек. Бізде барлық мамандар халықтың алдына шығып жүр. Кім сол маңайда болса, сол шығады. Бос болған мамандар шықты. Департамент директорларынан кейін ол топқа вице-министр де шықты. Сол кездесуге қатысқан мамандардың білім-білігі ол кісілердің сұрақтарына жауап беруге жетеді деп ойлаймын. Негізінен қойылған сұрақтың көбіне ойдағыдай жауап алғанын өздері де айтқан», - деді министр.

Министр мүмкіндік болса, антиваксерлермен жеке кездесуге дайын екенін жеткізді.

«Біз азаматтардың бәріне бірдей қараймыз. Біз үшін әрбір Қазақстан азаматының орны бірдей. Мүмкіндік болса, әрқашан кездесеміз. Әрқашан кездесуге дайынбыз. Нақты мен жеке кездесуге дайынмын», - деді Алексей Цой.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT