Антиваксерлердің әрекетін растайтын ғылыми деректер жоқ – теолог

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы, дінтану докторанты Елнар Берікбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ислам ұстанымы тұрғысынан коронавирусқа қарсы вакциналау туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елнар Берікбаевтың айтуынша, вакцинаға қарсы адамдар кейде діни сенімді қолданады.

«Әдетте, антиваксерлердің дәлелдерінің көпшілігі ғылыми деректермен расталмаған. Ал Қазақстан азаматтарының көпшілігі өздерін діндар санайтындықтан, діни пікірталастар халық арасында үндеседі», - дейді сарапшы.

Спикер вакциналануға қарсы қозғалыс Эдвард Дженнер 1796 жылы шешекке қарсы алғашқы вакцинаны жасағаннан кейін көп ұзамай пайда болғанын атап өтті. Ол кезде вакцинаға қарсы шыққандардың негізгі аргументтері діни сенім болды.

«Олар мұны құдайдың тағдырына араласумен байланыстырды. Айта кетсек, діни вакцинациядан бас тарту – вакцинаға қарсы көптеген себептердің бірі ғана. Олардың арасында фармацевттердің белгілі қастандық теориясы бар»,-дейді Ернар Берікбаев.

Дінтанушы вакцинациядан бас тартуды халықтың жекелеген сегменттерінің денсаулық сақтау жүйесіне сенімсіздік танытуымен байланыстырады.

«Жақында Маңғыстау облысында болған оқиғаны еске түсіруге болады. Сегіз жасар бала велосипедтен құлап, қолын сындырды, бірақ оның ата-анасы жедел жәрдемге емес, емшіге жүгінді, ол қолын тексеріп, таңып болған соң баланы үйіне жіберді. Нәтижесінде қолды кесуге тура келді», - дейді маман.

Ернар Берікбаев вакцинаның пайдасы туралы халық арасында кеңінен насихаттау керек деп санайды.

«Дәрігерлер бірінші кезекте вакциналану туралы айтуы керек. Сөздері адамдардың шешімдеріне әсер ететін діни қызметкерлер, өз пікірін айтпас бұрын, мәселені медициналық тұрғыдан түсінуі, дәрігерден кеңес алуы тиіс. Содан кейін ғана олар өтінішпен шыға алады», - деп атап өтті дінтанушы.


Соңғы жаңалықтар