+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Антисептикті қалай қолдан жасауға болады

2020 жылғы 25 наурыз 11:55
Бөлісіңіз:
Антисептикті қалай қолдан жасауға болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгінде дәріханаларда медициналық маскамен бірге ең үлкен сұранысқа ие өнім - антисептик болып отыр. Зор сұраныс тапшылықты туғызатындықтан дәріхананың көбінен оны таба алмауыңыз мүмкін. Осы ретте антисептикті қолдан жасап алудың амалын ұсынамыз.

Ұқсас жаңалықтар
Елімізде күн сайын 1 млн маска, 85 мың литр дезинфекциялық құрал өндіріледі Арыстағы балалар ауылының жеткіншектері маска және антисептикпен қамтамасыз етілді Қостанайда 250 литр антисептикті заңсыз сатқандар ұсталды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзінің ресми сайтында антисептиктердің рецептін жария етті. Оны қолдан оп-оңай жасап алуға болады. Ол үшін сізге медициналық спирт, үш пайыздық сутегі асқын тоғы (шамамен шай қасығындай), глицерин (шай қасығының жартысындай) мен қайнатылған су (10-12 мл) керек.

Антисептикті дайындау үшін спиртті үлкендеу ыдысқа құясыз. Мензурка немесе шприцтің көмегімен оған сутегі асқын тоғын қосасыз. Осыдан кейін осы қоспаға глицеринді араластырасыз. Мензурканы пайдаланбас бұрын оны ыстық сумен бір шайып алу керек.

Осы қоспаны артынша қайнатылған суға араластырасыз. Талғамыңызға қарай аздап бояғыш немесе ароматизатор қосып қоюға да болады. Спирт ұшып кетпес үшін ерітіндінің бетін жауып қою керек. Осыдан кейін осы қоспаны абайлап флаконға құйып аласыз.

Дайын антисептикті беті жабық ыдысқа құйып қойып, 72 сағатқа қалдыру керек. Үш тәуліктің ішінде спирттегі немесе флакондағы микроағзалардың көзі жойылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT