Антисептикалық құралдар оразаны бұза ма – ҚМДБ жауабы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Антисептикалық құралдар оразаны бұзбайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен биылғы Рамазан айына қатысты мәліметтер бойынша баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирустан қорғану үшін антисептикалық құралдар мен спирт пайдаланылады. Ол оразаны бұзбайды. Бұл жай жағдай емес, төтенше жағдай. Мұндай кезде адам өзін қорғау үшін, денсаулығына зиян тигізбейтін заттарды қолдануын шариғатымыз қолдайды», - дейді ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бұған дейін Бас мүфти Рамазан айында қандай жобалар жүзеге асырылатынын айтты.


Соңғы жаңалықтар