Антирекорд: Ресейде бір тәулікте 1 075 адам коронавирустан көз жұмды
Штаб деректеріне сай, пандемияның басынан бері вирустан барлығы 229 528 адам көз жұмған. Шартты өлім үлесі (нақты үлесі эпидемия аяқталғаннан кейін белгілі болады) – 2,8%.
Атап айтқанда, бір тәулікте Мәскеуде 82, Санкт-Петербургте 67, Краснодар өлкесі мен Нижегород облысында 42-ден, Башқұртстанда 35, Ростов, Свердлов облыстары мен Ставрополь өлкесінде 34 адамнан қайтыс болды.
Жаңа жағдайлар саны бір тәуліктің ішінде 37 678-ге өсіп, 8 205 923-ке жетті. Бұл да пандемияның басынан бергі ең жоғары көрсеткіш.
Осылайша, елдегі жұқтырғандар саны бойынша рекорд қатарынан үш рет жаңарып отыр. Жұқтырғандар үлесі 0,46%-ға артты.
Атап айтқанда, бір тәуліктің ішінде Мәскеу облысында 2 783, Самара облысында 997, Нижегород облысында 761, Воронеж облысында 729, Башқұртстан Республикасында 667 жағдай тіркелді.
Штаб деректеріне сай, белсенді жағдайлар саны 833 318-ге өскен.
Ал жазылып шыққандар саны бір тәуліктің ішінде 26 077-ге өсіп, 7 143 137-ге жетті. Жазылып шыққан науқастар үлесі 87%-ға дейін төмендеген.
Атап айтқанда, Мәскеуде ауруды жеңгендер саны 3 986, Санкт-Петербургте 2 887, Мәскеу облысында 2 333, Қырымда 823, Самара облысында 752, Башқұртстан мен Ульянов облысында 649 пен 630-ға көбейген.
Мәскеудің өзіне келер болсақ, онда коронавирус жұқтырғандар саны бір тәуліктің ішінде 7 803-ке өсіп, 1 761 650-ге жеткен. Бір күн бұрын бұл көрсеткіш 8 166 болған. Жұқтырғандар үлесі – 0,45%.
Ал қайтыс болғандар саны бір тәулікте 82-ге өсті, күн бұрын бұл көрсеткіш 79 болған. Барлығы қалада 30 619 адам (жұқтырғандардың 1,74%-ы) қайтыс болған, делінген штаб деректерінде.
Жазылып шыққандар саны Мәскеуде бір тәулікте 3 986-ға өсіп, 1 556 721-ге жеткен. Штабтың хабарлауынша, қазіргі кезде ел астанасында 174 310 адам ем алып жатыр.