+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Антиплагиат: Ғалымдардың ғылыми жұмысы шетелдік база бойынша тексерілетін болады

2019 жылғы 16 тамыз 13:43
Бөлісіңіз:
Антиплагиат: Ғалымдардың ғылыми жұмысы шетелдік база бойынша тексерілетін болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрлігі бұл ретте тиісті ережеге қосымша өзгерістер енгізгелі жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда біз диссертация қорғаған кезде ғылыми материал тек қазақстандық база бойынша антиплагиаттан (яғни, қазақстандық ғалымдар қорғаған жұмыстар бойынша) өтеді. Сондықтан, ғылыми жұмыстар тек қазақстандық база бойынша ғана емес, шетелдік мәліметтер базасы бойынша тексерілетіндей тиісті ережелерге қосымша өзгерістер енгізіледі. Менің ойымша, бұл да біздің ғылымның сапасын арттыруға септігін тигізеді», - деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда өткен тамыз жиыны барысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов білім саласындағы плагиатпен күрес қалай жүргізілетінін айтқан болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT