AntikorLive: Кәсіпкерлерді қолдаудың дағдарысқа қарсы бағдарламасы жасалуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қоғамдық кеңес кәсіпкерлікті қолдау мақсатында дағдарысқа қарсы бағдарлама жасауда. Бұл туралы «Өркен» Қазақстандық республикалық салааралық ынтымақтастық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Болат Омаров «AntikorLive» жобасы ұйымдастырған тікелей эфирде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«10-15 жыл бұрын кәсіпкерлер жемқорлық тәуекелі болған кезде кімге шағымданарын білмеген. Мұндай мәселені шешетін құрылым болмаған. Осындай қиын-қыстау кезеңде кәсіпкерлерді қолдауды насихаттап, акциялар өткізу керек. Кәсіпкерлік халықты, өз-өзін жұмыспен қамтамамыз ететіні де жасырын емес. Өз-өзін жұмыспен қамту ғана әр адамның экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады. Осы бағытта үнемі жұмыс жүргізіліп отыруы керек», - дейді Болат Омаров.

Оның айтуынша, арнайы құрылған Қоғамдық кеңес кәсіпкерлікті қолдау мақсатында дағдарысқа қарсы бағдарлама жасауда.

«Біз кәсіпкерлікті қолдау бойынша Қоғамдық кеңес ұйымдастырдық. Қазіргі кезде кәсіпкерлікті қолдау мақсатында дағдарысқа қарсы бағдарлама жасап жатырмыз. Оған қалалық атқарушы органдар, даму институттары қатысуда. Диалог алаңын құру үшін кешенді жұмыс жүргізілуде. Қазіргі уақытта кәсіпкерлік ортасында атқарып жатқан жұмысымыз туралы түсіндіру шараларын жүргізудеміз. Болашақта Жобалық кеңсе құру бойынша жұмысты қолға алмақпыз. Сөзбен емес, іспен қолдағымыз келеді. Қазіргі қиын жағдайда кәсіпкерлікті жойып алмас үшін экономикалық, іскерлік әлеуетімізді сақтап қалуымыз керек», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар