Антикорға жаңа міндеттер жүктелмек

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне бірқатар қосымша құзырет берілуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомствоға жаңа міндеттер жүктеуді көздейтін Президент Жарлығының жобасы «Ашық» НҚА порталында жарияланды. Құжатқа сай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне мына функциялар беріледі:

- Әдеп жөніндегі уәкілдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимылы уәкілетті органның және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның бірлескен құқықтық актісіне сәйкес жүзеге асырылады.

- мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың болуына мониторинг жүргізу;

- мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың болуына мониторинг жүргізу;

- сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша Әдеп жөніндегі уәкілдермен өзара іс-қимыл және олардың қызметін әдіснамалық қамтамасыз ету;

- нормативтік-құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;

- ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;

- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін (көрсеткен) адамдарды көтермелеу тәртібін әзірлеу және бекіту;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту;

- сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту.

Жарлық жобасын ашық талқылау 17 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.


Соңғы жаңалықтар